Өкпелегім келмейді, тағдырыма...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Francis Goya (Russian Waltz)
Бейнематериал авторы – Tatiana Blue
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Өкпелегім келмейді, тағдырыма,
Ренжігім де келмейді, сынағына.
Мен табындым, табиғат шындығына,
Ғашық болдым, қуанып, таң нұрына.
Мәңгі күрес өмірді, бағалаймын,
Өкінішті өзіме, қаламаймын.
Мұң тұмарын тақсамда, жылаймаймын,
Кінәлі деп ешкімді, санамаймын.
Сандығына өмірдің, салып қойып,
Сөз тигізбей, сақтаймын сезімімді.
Тұрсадағы, шуақ түндер, мұң салып,
Өшпес үміт, торлайды жүрегімді.
Қайтер едім білмесем, қайтер едім,
Махаббаттың кұдіретін, мың өртеген.
Кұлатса да, тұрғызған, осы сезім,
Қайсарлыққа үйретіп, жетелеген.
Түңілгеннен нені табам, түңілмеймін,
Шын сүйгенге, не жетсін, өкінбеймін.
Тіл тигізіп тағдырға, ренжітпеймін,
Мен тағдырға, ешқашан, ренжімеймін.
