Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Крокус» лаңкестеріне пәтерін жалға берген азамат қамауға алынды

Мәскеудің Басман соты «Крокус Сити Холдағы» лаңкестік әрекет бойынша сегізінші күдікті Әлішер Касимовты екі айға қамауға алды.

БАҚ-тың мәліметі бойынша, 32 жастағы Касимов – Қырғызстанның тумасы. Ол төрт лаңкеске пәтерін жалға берген. Ал лаңкестер баспананы терактіге дайындық жасауға пайдаланған.

Әлішер Касимов лаңкестік әрекетке дайындық туралы ештеңе білмегенін, тіпті пәтерінде қылмыскерлер тұрады деп еш ойламағанын айтқан. Ал баспананы жалға «Авито» сайты арқылы беріпті.

0
0
268

Осы тақырып бойынша

«Крокус» лаңкестеріне пәтерін жалға берген азамат... - Yvision.kz