Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

"Крокус Сити Холл": қаза тапқандар - 133, зардап шеккендер - 152

Сонымен, соңғы мәлімет бойынша, Мәскеу түбінде орналасқан Красногор қаласындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқан адамдардың саны - 133, ал зардап шеккендер - 152.

Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге жиналған. Кеш басталар алдында залға камуфляж киген бірнеше адам кіріп келеді де, автоматтан жан-жаққа оқ жаудырады.

Осы атыстан кейін өрт шыққан. Қызыл жалын 13 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың төбесі опырылып түскен. Артынан арнайы жасақ "Крокус Сити Холлға" басып кіреді.

23 наурызда Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі осы лаңкестік әрекетке қатысты 11 адамның ұсталғанын хабарлады. Оның төртеуі концерт залындағы лаңкестік әрекетке тікелей қатысқан көрінеді.

«Крокуста» оқ жаудырғандардың бәрі Тәжікстан азаматтары екені айтылды.

0
0
281

Осы тақырып бойынша

"Крокус Сити Холл": қаза тапқандар - 133, зардап... - Yvision.kz