«Крокус сити холлдағы» теракт: қаза тапқандар саны 60-тан асты
Соңғы мәлімет бойынша, Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залында болған терактіден 60-тан аса адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған.

Лаңкестік әрекет былай басталыпты:
Жұрт аталған концерт залына «Пикник» тобының концертін көруге жиналған. Кеш басталар алдында залға камуфляж киген бірнеше адам кіріп келеді де, автоматтан жан-жаққа оқ жаудырады.
Осы атыстан кейін өрт шыққан. Қызыл жалын 13 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың төбесі опырылып түскен. Артынан арнайы жасақ концерт залына басып кіреді.
