«Крокустағы» қанды оқиғаны ФҚҚ ұйымдастырғанына дәлел келтірілді
Ресейлік журналист Сергей Асланян «Крокус Сити Холдағы» лаңкестік әрекетті Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) арнайы жасақ жауынгерлері жасағанына сенімді. Ол «Телеканал Прямий» ютуб-арнасына берген сұхбатында соған дәлел келтіреді.
«Бұлар – өз адамдарымыз. Яғни импорт емес, сырттан, шет елдерден алдырылған емес. ФҚҚ-ның қарауындағы адамдар. Неге ФҚҚ деп отырмын? Бұл мінсіз орындалған операция сияқты. Оған керемет жоспар құрылған. Соны арнайы жасақ үшін дайындықтан өткен адамдар жүзеге асырған. Анау жұтаң кадрларды көріп отырмыз. Өкінішке қарай, қазіргі ұрпаққа рахмет айтуымыз керек, олар өзі өлейін деп жатса да, телефонына түсіріп жатады. Сондай кадрларда үнемі лаңкестер жұп санмен болады: екі, төрт, алты... Неге? Өйткені бұл – жұптасып жүру тәсілі. Біреуі жүреді, екіншісі оны қалқалайды. Бұл – арнайы жасақ жұбы. Ол әскери тәсіл емес. Әскерилер олай жасамайды», – дейді Сергей Асланян.
