КСК "Еңбек" қызметкерлерiмен кездесу өтті
Бүгін "AMANAT" партиясы Бөрлі аудандық филиалының Атқарушы хатьшысы О.Тулемисов Ақсай қаласы, 4 шағын ауданындағы КСК "Еңбек" қызметкерлерiмен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы, 2021 жылдан бастап қолданысқа енген "Мүлiк иелерінің бiрлестiгi" туралы заңының орындалуы туралы болды. Пәтер иелері кооперативінің төрайымы- Нурия Мамигуллиевнаның пайымдауынша 4 шағын аудан тұрғындары Мүлiк иелерінің бiрлестiгiн құруға белсенділік танытып отырған жоқ. Түрлі қиыншылықтар барын баяндады. Коммуналдық мекемелер басшыларымен тығыз байланыста, жақсы қарым-қатынаста болғандықтан техникалық ақаулар мен аварияларды уақытында жойып отыратындықтарын айтты. Кооператив толыққанды жасап тұрғандығын, тұрғындардан шағымдар түспегенін алға тартты. Бiрақ, заңға көнетіндерiн, келесі жылдан бастап аталған бiрлестiктi құратындарын жеткiздi.




