Лаңкестер Еуро-2024 матчтарына дронмен шабуыл жасауы мүмкін
Германияда өтетін футболдан Еуро-2024 матчтарына дрон арқылы лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін. Бұны Bild-ке арнайы қызметтегі ақпарат көздері хабарлаған.

Фото: overclockers.ru
«Украинадағы соғыс пен Парсы шығанағындағы азаматтық кемелерге хуситтердің шабуылы осы дрондардың мықты қаруға айналғанын көрсетеді», – деп жазған басылым.
Енді лаңкестік қаупіне байланысты Германияда футболдан Еуропа чемпионаты кезінде бүкіл елде дрон қолдануға тыйым салынуы мүмкін.
Айта кетейік, Еуро-2024 чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияның 10 қаласында өтеді. Олар – Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Гамбург, Гельзенкирхен, Кельн, Лейпциг, Мюнхен, Франкфурт және Штутгарт.
