Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Үлкендер жолы ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу оздырылды

21 қазан күні музейдің Рухани залында еңбек ардагерлерін құрмет тұтып, жасаған игі істерін, атқарған зор еңбектерін бағалап, ұжымға насихаттау, тәлім-тәрбие алу, өткерген қиыншылықтары мен қызықты әсерлерімен бөлісу мақсатында «Үлкендер жолы ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу оздырылды. Аталмыш шараны қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Макеев ашты. Кездесуде аймақ дамуына зор үлес қосқан әр түрлі сала ардагерлердің өнегелі еңбегі насихатталды.Шара барысында ардақты меймандарымыз өмір жолы мен атқарған қызметтері туралы қызықты әңгімелерін айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Құрметті ардагерлер мен ардақты ана жастарға аянбай еңбек етіп, білімді болып, туған жердің қадірін білу және қазіргі уақытта елімізді көркейту, ауылды жаңғырту үшін өз үлестерін қосуға, өмірде кездесетін қиыншылықтарға берілмей алға қарай ұмтылу қажет екенін айтып, баталарын берді. Музей меңгерушісі З.Менешева қонақтарға әр саланың дамуына сіңірген еңбектері үшін алғысын жеткізіп, жүрекжарды тілегін білдірді.Музей ұжымының атынан қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, мерекелік дастархан жайылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

0
0
205

Осы тақырып бойынша

«Үлкендер жолы ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу оздырылды - Yvision.kz