Құлшылық және сенім «Аудио өлең „Аудио поэзия“
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Karunesh - Beyond the Horizon
Бейнематериал авторы – Balapan Film, суреттер түрлі жүйелерден алынған
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Мен, келдім бүгін, жағаға,
Жаратқан ием, Аллаға.
Ризамын, Өзіңе, тек қана,
Өмірдің артығы, Сен ғана.
Біліп бір, енді білмей бір,
Жасаған кінәмді, кешіре гөр.
Білмедім, таза, қайсы кір,
Адастым, Алла, сене гөр.
Ағынмен кеттім, тоқтамай,
Жинадым кінәні, маржандай.
Құлшылық жасауға, жарамай,
Өзіме, ұнады бұл жағдай.
Аллаға, берген сертімді,
Биіктен көрініп, ұмыттым.
Байлық пен, жаптым көзімді,
Мақтаныш, өтірікке, мен баттым.
Ал, Аллам, мені ойлап, бір түнде,
Байлықты жоғалтты, бір күнде.
Жалаңаш қалдым, мен пенде,
Қасиетім Алла, тек сенде.
Құраным, болсын жарығым,
Намазым, болсын серігім.
Аятың, Алла, бар бағым,
Сен үшін, болсын өмірім.
