Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, болашаққа жеткізу - біздің басты міндетіміз!
Көкшетаудагы "Қоғамдық келісім" үйінде "Nur Otan" партиясы атынан алдағы сайлауда қалалық және облыстық мәслихат депутаттарығына кандидаттар этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен осы ұйымдардың үйлестірушілермен кездесті.
"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов биылғы сайлауда алғаш рет додаға түскелі отырған жастарға көбірек мүмкіндік беріп, солардың сайлауалды бағдарламасына назар аударған жөн деді және мұндай кездесулер мазмұнды өткені абзал.

Мәслихат депутаттары бюджет қаржысының дұрыс жұмсалуын қатаң қадағалап, халықтың мәселесін шешуге мүдделі болуы тиіс деді. Сондықтан кандидаттар арасында өз саласын жетік білетін мамандар іріктеліп алынса құба құп. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Айдын Раисов жеке кәсіпкер ретінде жастарды қолдауды көздейді. Қоғамдық шараларды ұйымдастырумен айналысатын ол коммуналдық салаға ерекше көңіл бөлгісі келеді. Әсіресе өзі тұратын жаңа аудан "Сарыарканы" дамытуды жоспарлап отыр. Қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер Айгүл Жақыпова университет проректоры ретінде жастарға сапалы білім беруге мән бермек. Оларды бизнеспен айналысуға жастайынан баулитын орта қалыптасса дейді. Ол үшін Болашақ Сарайында бизнес инкубатор ашып, жастарға жеке ісін ашуға мүмкіндік беру керек. Үздіксіз оқу жобасын біздің қалаға енгізіп, кез келген жастағы көкшетаулықтың өзін өзі дамытуға мүмкіндік берілуі тиіс деді кандидат. Осы тұста волонтерларға ерекше көңіл бөліп, заң жүзінде оларға қолдау көрсету қажет деді. Этномәдени бірлестік өкілдері өз ойларын ортаға салып,түйінді пікір білдіріп отырды.
Қоғамдағы тұрақтылық пен татулық барлық істің ұйытқысына айналады. Сондықтан бүгінгі кездесуге келген этномәдени бірлестік жетекшілері мен ұйым үйлестірушілері ұлтаралық ынтымақтастық кепілі болуы тиіс. Сайлаудың әділ әрі объективті өтуі маңызды. Сондықтан диаспора өкілдерін өз дауысын беруге шақырып, дұрыс шешім қабылдауы қажет екенін түсіндіруі тиіс. Пандемия кезінде бірінші болып халыққа көмекке келген "Nur Otan" партиясы болды. Ақмола облысы бойынша мұқтаж жандарға ақшалай, азық түлікпен көмек көрсетілді.
Сайлауға алғаш түскелі тұрған жастар да өздерінің бағдарламасымен таныстырды.
Олардың қатарында нейрохирург Ерлан Аяғанов, жеке кәсіпкер Манат Мусин бар. Кандидаттардың алға қойған мақсаттары айқын. Олардың халықтың әл аукатын жақсарту,денсаулығын түзеу бойынша айтқан пікірлері көңілге қонды. Жылы да жайлы ортада өткен әңгіме барысында көп мәселелер қамтылды.
