Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ұлы дала" Ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы

Берешегі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру көзделуде Бүгін “АMANAT” партиясы мен "Ұлы дала" Ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы бірлесіп “Қарызсыз қоғам” жобасын таныстыру жұмыстарын бастады. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында проблемалық берешегі бар жандардың қаржылық сауатын арттыру көзделіп отыр. Атаулы жобаның алғашқы кезеңі ел бойынша 8 өңірде іске асырылады. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша барлық аудандарда жыл соңына дейін 10 мың адамды оқытып шығу жоспарлануда. Бүгін алғашқы топтың оқуы осы Тасқала, Ақжайық, Бәйтерек, Бөкейорда, Бөрлі, Қаратөбе аудандарында басталды. Қараша айына дейін барлық ауданда оқу курсы толығымен өткізіліп болады деп жоспарлануда. Тасқала ауданы халқына оқыту курсын жүргізген «Ұлы Дала» Қауымдастығының қаржылық сарапшы Кубеева Зульфияның айтуынша, «Қарызсыз қоғам» жобасы қазақстандықтардың қаржылық мәдениеті мен несиені қайтару кезіндегі жауапкершілігін арттырудың тиімді құралы болады. Атаулы жоба бойынша қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курс «AMANAT» партиясының аудандық филиалдарында төмендегі талаптар бойынша өтеді: – бір топтың оқу мерзімі – 5 күн – бір топтағы қатысушылардың саны – 30-50 адам – бір айда оқитын топтардың саны – 3. Оқу бағдарламасы келесі санаттағы азаматтарға арналған: - несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар; - дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен; - берешектері жоқ адамдар және несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер. Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды, қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренеді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады. Яғни, өз қаражатын тиімді жұмсау, несиелік қарыз санын азайту сынды тақырыптар қозғалады. Оқытуға келген тұрғындардың арасынан көпбалалы аналар да табылды. Атаулы жоба туралы әлеуметтік желіден көріп, барлық жақын-жуық туыстарына айтып, осы курсқа үлкен үмітпен келгенін жеткізді ауыл тұрғыны Қадірберлиева Клара. Осы жобаны халыққа кеңінен таныстыру мақсатында оқыту дәрістері мамырдың 2-сінен басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Бір топтың оқу мерзімі 5 күнді құрайды. Мамандар ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамтуды жоспарлауда.

0
0
594

Осы тақырып бойынша

"Ұлы дала" Ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы - Yvision.kz