Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толып отыр.
💬Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келді. Ақынның азан шақырып қойған есімі – Мұхаммедқали. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген шайырдың тырнақалды туындылары сол кездегі «Советтік шекара» газетінде жарияланды.t.me/AMANATPartiyasy
