Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.
Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Қабылдау барысында церебралды сал ауруына шалдыққан балалардың аналары материалды көмек сұрап келді. Тұрғындардың қаржысы балаларының еміне арналған дәрі-дәрмектер алуына жеткіліксіз екендігін хабарлады. Барлық байланыс деректері жазылып алынып, тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданатын болды.
Сонымен қатар, заңнамалық тұрғыдан да түсініктемелер берілді. Келесі келген тұрғын ардагер-ұстаз емдеу алдын алу мекемелеріне жолдама ала алмай жүргендігін хабарлады. Тұрғын облыстық маслихат депутатынан емдеу алдын алу мекемелеріне жолдама алу мәселелеріне көмек көрсетуін сұрады.
Мұрат Мұқаев мәселеге байланысты тиісті мекемелерге сауал жолдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берді. Келесі келген тұрғын қаламызда параспорт орталықтарын ашып, өңіріміздің параспортшыларына қолдауды күшейту керек екендігін атап өтті. Паралимпиада спортшыларын қолдауға арналған қорлардың жаңа орталықтарын ашылуын сұрады. Облыстық маслихат депутаты мәселеге байланысты тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдады.
Тағы да бір келген тұрғын жер мәселесі жөніңде көмек сұрап келді. Тұрғынымыз жер теліміне кезекте тұрғандығын айтты. Алайда қазіргі таңда кезек жүрмей тұрғандығын айтып, облыстық маслихат депутатынан көмек сұрады. Мұрат Рахметұлы тиісті мекемелерге хабарласып, бұл мәселені депутаттық бақылауға алды.
Мұрат Рахметұлы келген барлық тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.
