Мұқаев Мұрат Рахметұлымен бірге қоғамдық қабылдау

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдау барысында Казталов ауданының тұрғыны, зейнеткер ана өз мәселесін айта келді. Ауданда апатты үй кезегі бойынша 9 орында тұрғандығын айтып, бірақ кезегі бойынша әлі үй ала алмай жүргендігін атап өтті. Аталған мәселе бойынша М.Мұқаев аудан әкіміне хабарласып, барлық мән-жайын білді. Осы сұрақ бойынша кезекті аудан әкімінің қабылдауына жазылып, заңнамалық тұрғыдан барлық түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, баласының мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүргендігін айтып, депутаттан көмек сұрады. Аудан тұрғынының толық байланыс деректері жазылып, аудандық жұмыспен қамту бөліміне жолдама берілді. Сонымен қатар заңнамалық тұрғыдан да түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, бейнебайланыс арқылы хабарласқан тұрғындар да болды. Баласының денсаулығына алаңдап, еміне қаржылай көмек сұраған ана хабарласты. Баласы туған бастап екі көздің ретинопатия ауруына шалдыққан. Ленинград қаласына емделуге жолдама алған екен. Бірақ оған дейін аймақтық емханалардан бірнеше емделу рәсімдерінен өтулері керек. Барлық байланыс деректері жазылып алынды. Тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданатын болады.
Мұрат Рахметұлы тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.
@nur_otan @baibekbk @jas_otan
#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021
