Мәдениет – ұлттың мәйегі. Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы
Міне осы орайда Аудандық мәдениет үйінде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «МӘДЕНИЕТ - РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы және мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Артур Шергалиев облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Алғыс хатымен, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы төрағасының Алғыс хатымен Талгат Даргужиев бірқатар қызметкерлерді марапаттады. «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының төрайымы Аккумис Мурадимова “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын өнер саласындағы әріптестерін мерекемен құттықтап, салтанатты түрде табыс етті. Шара соңы аудан көркемөнерпаздарына арналған мерекелік концертке ұласты. #AMANAT






