Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүлікті жария ету жөнінде ақпарат

ҚР аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 26 320,9 млн.теңгені құрайтын мүлікті жария етуге 3 157 өтініш түсті.

Оның ішінде жария етуге 25 002,9 млн. теңге сомасында жылжымайтын мүліктің 3 527 объектісі жария етуге мәлімделді. 1 318 млн.теңге сомасында заңды тұлғаларға қатысу үлестерін жария етуге 15 өтініш түсті. Қазіргі сәтте 462,5 млн. теңге сомасына 113 объекті жария етілді.

21.09.2014 жылғы жағдай бойынша салық органдарына ҚР шегінен тыс мүлікті жария етуге өтініштер түскен жоқ.

Мүлікті жария етуге өтініштердің неғұрлым көп саны Алматы және Алматы облысы бойынша түсті (852 және тиісінше 745). Азаматтардың белсенділігі бойынша үшінші орынды Астана алады (260 өтініш). Азаматтардың белсенділігі бойынша соңғы орында бұрынғысынша Маңғыстау облысы бойынша түсті – акция басталғаннан бері жария етуге небары 9 өтініш түсті.

ҚР Ұлттық банк есебінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 1 698,7 млн.теңге ақшаны жария етуге 10 жинақтау шоты ашылды, олардың ішінде жинақтау шотынан 336,1 млн.теңге алынды, ақшаны жария еткені үшін бюджетке 35,6 млн.теңге алым төленді.

 

Өңір

Мүлікті жария етуге түскен өтініштер саны

Ақмола облысы

78

Ақтөбе облысы

283

Алматы облысы

745

Атырау облысы

41

ШҚО

61

Жамбыл облысы

150

БҚО

41

Қарағанды облысы

161

Қызылорда облысы

29

Қостанай облысы

230

Маңғыстау облысы

9

Павлодар облысы

53

СҚО

113

ОҚО

51

Алматы қаласы

852

Астана қаласы

260

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

 
0
0
420

Осы тақырып бойынша

Мүлікті жария ету жөнінде ақпарат - Yvision.kz