Мұңлы түн «Аудио өлең, поэзия»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»
Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Келдің ба тағы, мұңлы түн?
Жүрегімді сыздатып.
Ұйқы қашты, үнсіз мұң,
Қағазға жатыр, жазылып.
Маржандай кетті, тізіліп,
Мазалап жатқан, ойларым.
Бір мезгіл, бақыт көрініп,
Кеттің-ау, болсаңда барым.
Батты ма мұңым, аспанға,
Күркіреп жатыр, аянбай.
Найзағай ұқсап, ақшамға,
Жарқ етіп өтті, тоқтамай.
Жаңбырдан келген, тамшы ма?
Білмеймін, әйтеуір алды ма.
Тамшылап жатыр, қағазға,
О тағдыр, бұйырғаны, осы ма?
