Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұнайлы астанадағы ала доптың хал-ахуалы

Алдымен инфроқұрылым – аяқдопшыларға тиісті жағдайдың жасалуы. Команданың әр ойыншысы шытырлаған АҚШ долларына қарық болып жатса да, стадионның жағдайы мәз емес.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен тікелей эфирде футболға назары ауған көрермен «Мұнайшының» сапасына тілін тие кетеді.Сынайтын да жөні бар, алаңның сапасы – нашар.Бір кездері шетелден келген легионерлер жасыл шөпке өкпе-назын білдіртетін еді, қазір ондай сыбыс естілмейді. «Алаңның сапасы жақсарды» деп ойлайсызба ? Әрине «ЖОҚ».

Азамат БЕКЕТ, Атырау облысы спорт басқармасының басшысы: (AlaDop.kz сайтына берген сұхбатында) – 2014 жылы қайта жөндеу жұмыстары жүрген жоқ. Тек жа­сыл алаң ғана жаңартылды. Бірақ қазір алаңның қос қақпасының ал­ды ойылып қалған. Біз сол жерге өзіміз жасыл шөп өсіріп жатыр­мыз. Бір қақпаның алды ғана дұрыс келіңкіремей, шөбі жатық болмай тұр. Бұл сәл уақыт­ты талап ететін жағдай. Жақын арада «Атырау» клубы өз алаң­ындағы ойындарын «Мұ­най­­шы» стадионында өткізе бастай­ды,- деген еді.Жөндеу жұмыстары жасалуы жасалды.Алайда ол ойық тесіктер көп ұзамай, өз орындарына оралды.ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясы) Атырау клубына «Мұнайшыда» доп тебуге тыйым салды. Басшылық «Томарлы» есімін иемденген қосалқы стадионда матч өткізуге мәжбүрлі бұйрық берді.

Құрамның жартысы легионерлер. Грузия,Сербия т.б елдерден келген ойыншылар командада алаңсыз доп теуіп жүр. Көршілес Өзбекстан мемлекетінен келген ойыншылар да белсенділік көрсетуде.Команда сапында қара нәсілді ойыншылардың бар болғаны Атыраудың кішкентай жанкүйерлеріне майдай жаққандай.Әр матчтың соңында жанкүйерлер ойыншылардан автограф алып,суретке түспей кетпейді.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ Атыраулықтар УЕФА Еуропа Лигасында да өнер көрсеткен. Алайда іріктеу кезеңінде бірден жексен тапты.

2015 жылы Владимир Никитенко бапкерлік жұмыс жасаған «Атырау» ҚПЛ (Қазақстан премьер лигасында) алғашқы бестікке кірген еді. Дәл сол нәтижеден кейін команда тұшымды ойын көрсеткен жоқ.

Жанкүйерлік жүйеге келер болсақ, Атырау командасында «Green Wall» жанкүйерлік қозғалысы жұмыс жасап жатыр.Әр матч сайын стадион төрінде қолына плакаттар мен жалау ұстаған жанкүйерлерді көре аласыз.

2018 жылы 27 мамырда ҚПЛ аясында өткен матчта Атыраулықтар Алматылық «Қайратпен» болған бәсекеде 3-1 есебімен жеңіліп қалғанда, атыраулық жанкүйерлер алаңның жиегіне әжетхана қағазын лақтырып, наразылық көрсеткен еді.

Мұнайлы астананың футбол жағдайы қысқаша осындай. Жақын арада Еуропаның тіс қаққан мықтыларымен сайысып, оларды да тізе бүктіреді деп кәміл сенейік !

0
0
442

Осы тақырып бойынша

Мұнайлы астанадағы ала доптың хал-ахуалы - Yvision.kz