Мұрат Каримуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы
Аудандық орталықтандырылған кітапхананың ақпаратты-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен киелі өнер дарыған біртуар тұлға рухани қазынамыздың өрісін кеңейтуге ерен үлес қосқан дүлдүл домбырашы, ұлттық мәдениетіміздегі баға жетпес құндылығымызды дәріптей білген жерлес күйші Мұрат Каримуллиннің туғанына биыл 70 жыл толуына орай «Сөнбес жұлдыз» атты бейнеролик дайындалып, ғаламтор желісіне шығарылды. Тарихымызда небір асыл күй мұрасын қалдырған кемел күйші - композиторлар, дүлдүл домбырашылар өткені мәлім. Теңдесі жоқ ауыз әдебиетіміз секілді құдіретті әуез – күмбірлеген күй де, көкірегі даңғыл туабітті таланттар арқылы ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған. Бейнероликте қазақтың қасиеттi көк аспанынан құйрықты жұлдыздай ағып түскен талант иесі, күйшiлiк өнердi, күмiс көмей әншiлiк пен жыршылықты сөз өнерiмен сабақтастырған дәстүрлi ұлы өнерпаздардың жалғасы болған Мұрат Каримуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы және мұрағат қорындағы естеліктер мен бейне жазбалар берілген.
#AMANAT
https://www.facebook.com/zhanibek.amanat/posts/pfbid0936JXXzisC6ZixgF9fo5FUcHqBsGoTUc12MNRStH8qH3S5JWMEHWyafF15EyxSYjl
