Мұрат Мұқаев өзінің Facebook әлеуметтік желісінде сайлаушылармен тікелей эфир өткізді
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - Мұрат Мұқаев өзінің Facebook әлеуметтік желісінде сайлаушылармен тікелей эфир өткізді.
Тікелей эфирде Мұрат Рахметұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, аталмыш бағдарламада көзделген бес бағытқа тоқталды.
Соның бірі - білім саласындағы өзгерістер, әсіресе, мұғалімдер жалақысы.
Өз сөзінде ол:
- Болашақ – жас ұрпақ қолында болса, сол жас ұрпақтың сауаты мен тәрбиесі – мұғалімдер қолында. Бүгінгі еліміздің мектептері бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп шығару керек. Себебі, өздеріңізге мәлім, жаһандану кезеңі өз көшіне тек смарт халықты ғана ерте алады, - деді.
Сонымен қатар, партия саясаты мен бағдарламалары әйелдер мен жастарға ерекше назар аударатындығын жеткізді. Биылғы жылы маслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде аталмыш әлеуметтік топтар үшін үлкен квотаның қарастырылғанын да тілге тиек етті.
Тікелей эфирге қатысушы азаматтар үміткерге өздерінің ұсыныс-сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
