Мәслихат депутаты Аят Сүгірбайдың «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV Съезінде сөйлеген сөзінен:
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сайлау өткізіп, Президенттік мандатты 7 жылдық бір мерзімге шектеу туралы ұсынысы елдің көңілінен шықты.
Халық Мемлекет басшысының өзі бастаған өзгерістерді аяғына дейін жеткізуін қалап отыр.
Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстардың нағыз иесі халық екені тайға таңба басқандай белгіленді.
Біздің партиямыз осы бастаманы нақты жүзеге асыруға кірісіп те кетті.
Қазіргі таңда «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, барлық өңірлерде жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бір ғана Маңғыстау облысының өзінде 240 мың гектардан астам жайылымды жер қайтарылып, халық иелігіне берілді.
Қарапайым азаматтар мемлекетте тәртіптің болғанын, әрбір адамның құқы қорғалғанын, отбасының жайлы тұрмысын, лайықты жалақы мен тұрақты жұмыс орындарының ашылғанын қалайды.
Алдағы жылдары осы өткір мәселелердің түбегейлі шешімін табатынына күмәніміз жоқ».

