Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында 2019 жылы ашылған Сырым аудандық білім беру бөліміне қарасты мектеп лицейдің оқу корпусы және күні кеше ғана ашылған жатақханасының жағдайымен танысты. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Жанболсынов оқу ғимаратының тарлығын алға тартып, ауылдық округтерден дарынды балаларды қабылдауға көп мүмкіншіліктің болмай тұрғанын айтып, қазіргі таңда ауданның көптеген талантты балалары облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектептерде оқып жатырғандығын тілге тиек етті. Бұл мәселені аудандық маслихаттың депутаттары да көптен бері көтеріп жүр. Мәжіліс депутаты А.Жамалов аудан орталығынан жаңадан мектеп лицей ғимаратын салдыртуға ықпал етуге, жұмыстанатындығын жеткізді. Білімді ұрпақ, бұл біздің болашағымыздың кепілі.

0
0
283

Осы тақырып бойынша