Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант берді
Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант берді
📷📷
VIII сайланған Мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін» - деді жаңа депутаттар. 📷Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Сондай-ақ, бірмандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижесіне сәйкес, «AMANAT» партиясының 22 өкілі жеңіске жетті.
