Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің үйін сатудан басқа амалы қалмағанын айтып жылады
Бұған әншінің ол үйді енді күтіп ұстауға жағдайы жетпейтіні себеп екен.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова 2005 қаза тапқан күйеуі Заманбек Нұрқаділовтен кешірім сұрап, одан қалған үйді енді сатпасқа амал жоқ екенін мәлім етті.
«Мен шаршадым. Сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпейтін болса, туған-туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Мен сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын жүз мың теңге керек сіздің үйіңізді сақтау үшін. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған жоқпыз. Зәке, сен соны ойламапсың ғой. Айына мен 20 жыл бойы екі үйге 200 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Сіз өзіңіз қаланың бастығы болдыңыз. Сол кезде неғып ойламадыңыз? Ай сайын сонша ақша төлеп жатырмын мен (жылап жібереді). Жылағым келеді... Жаным-ай, енді жылап отырмын. Қайтемін енді? Халықпен бөліскім келеді. Қалай ойлайсыздар, сатып жіберейін бе?» – дейді әнші.
Айта кетейік, Нұрқаділов қайтыс болғанға дейін Жүнісова екеуі Алматыда қатар салынған екі зәулім үйде тұрған.
