Маңғыстау облысында бір үйдің жоғалып кеткен балаларын бүкіл ауыл болып іздеген
Маңғыстау облысындаға Форт-Шевченко қаласында бір үйдің балалары кеше ойнап жүріп жоғалып кеткен.

Оларды құтқарушылармен бірге ауыл тұрғындары да жабылып іздеді. "Маңғыстау облысының ТЖД-не 2024 жылғы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұлдар 2012 ж.т, 2014 ж.т, 2018 ж.т. Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24.03. 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылысында табылды. Медициналық көмек қажет болмады", - деп жазады t.me/qr_tjm.
