Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"МамаPro" жобасы мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына қолдау білдіреді

Осы ретте, "Мамапро" жобасы мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналар үшін үлкен мүмкіндік болмақ.

"Мамапро" жобасының мақсаты — ерекше балалардың анасына жұмыс табуға жәрдемдесумен бірге оған кәсіп жүргізуге қажет дағдыларды қалыптастыру. Аналар мұнда "Кәсіп жүргізу негіздері" және психологиялық көмек" курстарына қатыса алады.

Жақында Алматы қаласында «Мама Про» жобасының екінші офисі ашылмақ. Осыған дейін кәсіпкерлік курсында 11 лек оқылды. соның ішінде, кәсіпкерлік курсы алғаш рет қазақ тілінде өтілу жоспарлануда. Әрбір лекте  шамамен 15-20 ана тәлім алады. Сабақтар екі ай бойы жүргізіледі. Барлығы тегін. Аналар жобаға қатысып, бір-бірінен психологиялық қолдау алады, бақытты, табысты болуға әрқашан мүмкіндік бар екенін түсінеді. Осы ретте, сіздерге аздаған хабарлама.

2023 жылдың 10 сәуірде кәсіпкерлік негіздері (қазақ тілінде) оффлайн басталатын курсына жазылуға болады.

Бағдарлама қаржылық сауаттылық негіздерін, жеке брендті жылжыту, әлеуметтік медиа маркетингі, копирайтинг және жұмсақ кәсіпкерлік дағдыларын игеру бойынша 10 сабақты қамтиды.

🔹 Сабақтар «MamaPro Almaty» орталығында жұмыс күндері сағат 10:00-13:00 аралығында өтеді.

🔹Балаларыңыз үшін тәрбиеші бар бөлме ұйымдастырылған

🔹құжаттардың көшірмелерін (жеке куәлік, балаңыздың туу туралы куәлік, мүгедектік туралы анықтама) ұсыну қажет.

Қатысу шарттары:

🔹Біздің Профильдегі сілтеме бойынша форманы толтырыңыз;

🔹Өзіңіздің телефон нөміріңізді көрсетіңіз,

өту туралы мәліметті күтіңіз.

Адрес: Нұрпеисов көшесі 2

1 этаж 9 офис

Курсқа жазылу үшін осы номерге хабарласуға болады

Избасарова Айгерім +7 707 923 3188

P.S. Елімізде ерекше күтімді қажет ететін баласы бар аналар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей психологқа бара бермейді. Олар мәселесін жалғыз өзі шеше алмауы да мүмкін. Міне, «Мама Про» — осындай қиын жағдайда жүрген аналар үшін таптырмас мүмкіндік.

Мамапро жобасының қатысушылары тек қана білім алып қана қоймай, белсенді демалыстар да ұйымдастырады.

Болашақта осы тәрізді игі бастамалардың қатары толыға берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Аналар армандасын, мақсат қойсын және ең бастысы, әрекет етсін. Алла оларға және балаларына зор денсаулық пен бақытты өмірді нәсіп еткей!». Егер сіздің мүмкіндігі шектеулі балаңыз болып, өзіңізді жалғыз сезінсеңіз, сізді түсінетін, сізге балық емес, қармақ беретін орталықтың бар екенін және сіздің өз мүмкіндіктеріңізді ашатын "Мамапро" жобасы бар екенін, ұмытпаңыз!

0
0
451

Осы тақырып бойынша