Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медицина саласы қызметкерлері қоғамдық пікір басшыларымен бас қосты

Медицина саласы қызметкерлері қоғамдық пікір басшыларымен бас қосты.

Елдегі өткен саяси науқан қорытындысы бойынша қоғамдық пікір басшылары ақ халаттылармен кездесті. Шара барысында барлық дауыс беру учаскелеріндегі санитарлық нормалардың қатаң сақталып, сайлау нәтижелері жан – жақты талқыланды. Жиында сөз алған қатысушылар әрбір азамат үшін сайлаудың маңыздылығына тоқталып, басымдылықпен жеңіске жеткен «Nur Otan» партиясы мүшелерін құттықтады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау күнгі ауа – райының қолайсыздығын еске ала отырып, өзіндік орны мен құқығы бар азаматтар еш кедергісіз дауыс бергендерін алға тартты. Медицина саласы қызметкерлерінін жоғарғы деңгейдегі жауапкершілігін халық аты жаман аурумен тап келгенде өте қатты сезінді. Міне, сол жауапкершілікті жалғастыра келе партияға дауыс беріп, біржақтылықты тағы бір мәрте дәлелдеді.

0
0
105

Осы тақырып бойынша