Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мектеп оқушылары арасында өткен «Айтыс»

Армансыз адам болмайды. Өмір жолында көздеген мақсатыңа жету үшін жоспарларыңды жүзеге асыра білгенге не жетсін. Мен бүгін тағы бір мақсатыма қол жеткіздім.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және халықаралық балалар күніне арнап мектеп оқушылары арасында «Айтыс» өткіздік.

Алтайдың арғы бетіне қоныс тепкен қазақ бауырларымыз жылына 3-4 реттен жасөспірімдер арасында үлкен додалар өткізеді екен.

Ғаламтор беттерінен сол төл өнерге деген құрметті көрген кезде қатты таңқалдым.

«Бала тілі-бал» демекші, балалардың суырып салма өнері,ойын жеткізе білуі біздің әуесқой ақындарымыздан кем емес екендігіне көз жеткіздім.

Ойға еркіндік беріп, санамдағы сұрақтарға жауап іздей бастадым. Неге қазақтың кіндік тамған жерінде өзіміздің төл өнеріміздің бірі де бірегейі айтысты балалар арасында өткізбеске?

Сыр елі жыр елі, бізде тума таланттар әрқашанда көп болған, демек жас ақындарда бар шығар? Аламан айтыс болғаннан кейін жақсы деңгейде және жүлделері мықты болу керек. Осы мәселені шешеудің жолдарын ойлап, көз ілмеген түндерім болғаны да рас.

Қалайда қаражат қарастыру жолында талпындым.

Көп ойланбай бірінші кезекте қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлына барып мақсатымның мән - жайын айттым.

«Ерлан, тамаша идея! Бірақ айтыс деген өнерге оның ішінде балаларға 200 мың теңге аздық ететінін айтып, мен саған 500 мың теңге қаражат бөлуге көмектесейін»,- деді.

Ұйымдастыру тұстарының жалғыс өзіме қиын соғарын түсінген әкім мырза қалалық білім бөлімінің басшысына және қосымша білім беру орталығына тапсырма беріп, арманымның орындалуына үлкен ықпал жасады!

Арада күндер өтіп мен ғаламтор парақшаларына айтыстың өтетіні жөнінде хабарландыру тараттым.

Жүргізуші тізгінін алтын домбыра иесі Мұхтар Ниязовқа тапсырдық. Ол айтыстан бөлек жасөспірімдер арасында мүшайраны да ұйымдастыруды ұсыныс ретінде жеткізді.

Ұсынысы қолдау тауып, тұйық балалардың ашылуына, шығармашылығының шыңдалуына жол ашылды.

Атылмыш айтысқа аймағымыздың барлық ауданыдары мен ауылдарынан жасөспірімдер ағылып келіп жатты.

Қалқаман Алдоңғар Арал ауданы, Мұхамед Қанапия Қазалы ауданы, Мансұров Мұхамеджан Тереңөзек ауданы, Байментаев Ерасыл, Орынбасаров Бексұлтан Арал ауданы, Піржан Сандыбай, Рахман Динар, Әбілдаев Бағдаулет, Ділдахмет Райымбек, Асқар Али Қызылорда қаласынан барлығы Студенттер сарайында өтетін додаға үлкен үмітпен жиналды.

Ақындар мүшайрасына қаланың №1, 11, 43, 187, 197, 211, 264, 261, 212 мектеп оқушылары қатысып өз ақындык өнерлерін ортаға салды.

Сахна, фанфары, пролог, басталды.

Мерекені салтанатты түрде Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы ашты.

6 жұпқа бөлініп ақындар өздерінің өнерін көрермен жұртқа паш етуге кірісті.

Құрметті қала тұрғындары және жастар! Айтыс «Тизерін» тамашалаңыздар!
«Тизер» - ол жарнаманың бір түрі, белгілі бір өнімнің толық нұсқасын көрсетпестен бұрын, ұсынылатын алдын ала көрсетілім.

Керемет шара басталып, жаныма қаламыздағы қосымша білім беру орталығының басшысы Гүлнар Бодашқызы жайғасты. Гүлнар Бодашқызының ерекше таң қалыспен айтқан сөздері әлі есімде.

«Ерлан, қатысушылар дайындықта қобалжығасын ба, әлде еркеліктен қысылдыма қайдам, оларға қарап бұл айтыс қалай өтеді екен деп қобалжығаным рас».
Алайда бұл кісі «жігіттер жарайсындар» деп серпіліс беріп, қолдау көресітіп отырды.

Ішімнен бұл қазақ жігіттері, сахнаға шықса болды арқалары ойнап, қазақтың нағыз намысын көрсетіп, шабады деп топшыладым. Гүлнар апама «Көрдіңізбе, көзіңіз жеткен шығар, айтыс қазақ халықының ежелден келген өнері, қазақ «бренді» десе де болады. Мұндай сайысты жылына бір емес бірнеше рет өткізу қажет» деп ұсынысымды айттым.

Ондай болса жас ақындардың өнеріне куә болаиық ағаиын!

Автор: Журегі мәнгі Қазақ деп соғатын ерлеріңіз «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының төрағасы Ерлан Мусаев.

P.S. Осы ретте «Дарын» жастар продюссерлер орталығының төрағасы Ержан Ерділдәұлына ерекше алғысымды айтқым келеді. Жастардың өнерін бейнебаянға түсіріп өңдеп беруде оның еңбегі зор. Еңбегіңізге табыс тілеймін Ереке!

-3
0
14389

Осы тақырып бойынша

Мектеп оқушылары арасында өткен «Айтыс» - Yvision.kz