Мектептен тыс жұмыс мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері мектептен тыс жұмыс мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Қоғамдық штабтың мүшесі - Габдулова Шара Қайыржанқызы және қоғамдық штаб жетекшісі О.Тулемисов сайлауалды бағдарламаның "Әдiлеттi мемлекет", "Әдiлетт экономика" және Әдiлеттi қоғам" бағыттары бойынша сөз сөйледі.
Аталған мекеменің қызметкерлері сайлауға қатысатындықтарын және өз таңдауларын жасайтынын айтты.
#Toqaev2022
#ДауысберToqaev2022


