Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы басты назарда
Бүгін, Алакөл аудандық талдау тобының мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау және қолжетімділікті қамтамыз ету бойынша Алакөл ауданының қызмет көрсетушілеріне талдау іс-шараларын жүргізді.
Талдау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау талаптарына аса көңіл бөлінді. Топ мүшелерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.
Нәтижесінде, орын алған кемшіліктерді орнына келтіру үшін мерзім беріліп, талдау парақшалары толтырылып, мекемелердің өкілдеріне тапсырылды.
Аталған мониторингтік топ мүшелерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау талаптарын бақылау бойынша талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасын табатын болады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті
