Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілер арасында «МИ BATTLE» зияткерлік ойыны өткізілді

Ағымдағы жылдың 08 маусым күні Талдықорған қаласы, «Жастарға қызмет көрсету орталығында», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы Ішкі сеясат басқармасымен бірлесе отырып 23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай мемлекеттік қызметшілер арасында «МИ BATTLE» зияткерлік ойыны өткізілді.

Жарысқа Алматы облысының аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері тарапынан –10 команда қатысты.

Аталған ойынның мақсаты – Алматы облысының мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерінің арасында достық қарым-қатынасты нығайту, белсенді азаматтық көзқарастарын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, зияткерлік білім мүмкіншіліктерін ортаға салу, мәдени қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, сондай-ақ облыс көлемінде саяси белсенділіктерін арттыру болып табылады.

Жарыс барысы мемлекеттік қызметкерлер тамаша ойын көрсетіп, командалық бірлік пен білім қабілеттерін қарсыластар алдында дәлелдей білді.

Шара бойынша алғашқы орынды Ескелді ауданы,ІІ орынды – Панфилов ауданы,ІІІ орынды – Текелі қаласы иеленді, ал басқа командаларға Департаментпен және Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының атынан алғыс хаттар табысталды.

0
0
757

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілер арасында «МИ BATTLE» зияткерлік ойыны өткізілді - Yvision.kz