Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша партиялық куратор М.Айсинаның төрағалығымен бейнеконференция байланыс арқылы комиссия отырысы өтті.

Отырысқа Батыс Қазақстан облысы «Nur Otan» партиясы БҚО филиал трағасының орынбасары М.Мұкаев, БҚО бойынша «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағытының кураторы Д.Галеметдинова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры М.Бассаров, БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысының орынбасары А.Ашық және комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының аймақтық филиалдарында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы талқыланып, БҚО бойынша «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша партиялық куратордың 2020 жылдың 10 ай бойынша есебі тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыстық партиялық куратордың және комиссия жұмысына жақсы баға беріліп, алдағы мақсатпен міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша комиссия шешімімен алдағы уақытта аудандық әкімдіктердегі халыққа қызмет көрсету бағытында құрылған орындарды және проактивті қызметтер сапасын тексеру сапасын тексеру ұсынылды.

0
0
111

Осы тақырып бойынша