Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мен нұротандықпын»

Мен “Nur Otan”партиясы Жәнібек аудандық филиалының "Батыс" БПҰ-ның мүшесімін.

“Nur Otan” партиясы еліміздің қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. “Nur Otan” партиясы еліміздегі жетекші саяси партия екендігін де дәлелдеп отыр.Бүгінде партиямыздың өзіндік дәстүрі,ұстанымы,қол жеткен табысы мен тәжірибесі,белсенді жақтастары бар. “Nur Otan“ елімізді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанып келеді. Партия халық үшін жұмыс істейді. Мемлекет басшысы атап өткендей, біз мемлекттік қызметшілер халыққа қызмет етеміз. Партия жұмысының мәні осында. Ал, халыққа қызмет көрсету дегеніміз – ол ашықтық, қолжетімділік және кері байланыстың болуы.Менің партиядағы жұмыс тәжірибем мені сезімталдыққа, жауапкершілікке үйретті. Айналамдағы жандардың проблемасын тек тыңдау ғана емес, оны сезіне білуді, шешу жолдарын іздестіруге ұмтылдым. Егер жұмыс тәжірибемді түйіндейтін болсам, партияның барлық салаға жүргізіп жатқан жаңғыртулары, жобалары, бастамалары ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталып отырғандығын мақтанышпен айтуға болады. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстары да өз тиімділігін көрсетті. Партияға деген сенім қалыптасты. Халықтың күрмелген күрделі мәселелері осы жерде шешіліп жатты.Өз қызметым барысында партияның беделі мен ролінің биіктігін, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтындығының куәсі болдым.”Nur Otan”партиясының мүшесі ретінде барлық қоғамдық шараларға қатысып, әлеуметтік қолдау жобаларын жүзеге асырып келеміз.Партияның “Ардагерлерді ардақтайық”,”Кедергісіз келешек” партиялық жобалары аға ұрпақтың еңбек жолдарын дәріптеу арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қалыпты орта қалыптастыруды жүзеге асыруда.Жыл сайын өткізілетін “Мектепке жол”,”Қайырымдылық” акцияларына үнемі қатысып, көп балалы отбасыларға, мұқтаж жандарға көмек көрсету де партияластарымыздың ешқашан ешкімді назардан тыс қалдырмайтындығының дәлелі.Пандемиямен күрес кезінде де партия Елбасы,партия Төрағасы Н.Назарбаевтың ”Бізбіргеміз”қоры арқылы көмектер ұйымдастырып,халықты қолдау шараларын жүргізді.

“Nur-Otan”- нақты істердің партиясы. #меннұротандықпын #япартиец #бастауышпартиянегізі2021 #первичкаосновапартии2021

0
0
214

Осы тақырып бойынша

«Мен нұротандықпын» - Yvision.kz