Мен және туризм
Алғашқы рет Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университет табылдырығын аттаған сәтте , алдымда қандай белестердің бар екендігін білмеген едім.
1 курста тұңғыш рет туристік жорыққа шыққаннан кейін мамандығымды дұрыс таңдағанымды сезіндім. Содан бері Қазақстан аумағының көптеген көрікті жерлерін аралап, еліміздің әдемділігіне көзім жетті.

Туризм маманды- ғының белсенді туризм бойынша күрделі категориялық жорықтарға шықтық . Уақыт өте келе университет жұмыстарына белсене араласа бастадым. Қалалалық , республикалық , халықаралық жарыстарға қатысып бағымды сынап, үлкен белестерді бағындыруға ұмтылдым.Ол жарыстардан да жеңімпаз атанып, еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын.

2 курста ағылшын тілінен тест тапсырып, академиялық мобильност бағдарламасы бойынша Литва мемлекетінің астанасы Вильнюс каласында 3,5 ай білімімді жетілдіруге жолдама алып,ол жақта өзімнің білімімді шыңдап,тереңдетіп, үздіктер қатарында болдым . Қолымда «шенген» визасы болғандықтан , оқудан тыс, демалыс уақыттарында мүмкіндігімді барынша пайдаланып , Европанын 22 қаласын аралап, ойдан кетпес жастық шақтан естелік алдым.

Қазақстанға қайтып келіп, туризм саласын келешекте дамуынына өзімнің үлесімді қосуды армандадым. Барымды салып жарыстарға қатыса бастадым , әр жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде туризмді дамытуға бағытталған « Жас.тур» орталығы ұйымдастыратын қалалық туристік жарысында, өзім білім алып жатырған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Жиханкез» командасы жүлде алып ,осы жарыстың қортындысы бойынша «Ең үздік капитан» номинациясын алдым . Қарағанды қаласындағы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінде туризмнен өтетін республикалық және халықаралық жарыстарына қатысып «Тәжірбиелік тапсырмаларды кәсіби шешудің үздігі» номинациясын алдым. Алматы қаласындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 жылдығына арналып ұйымдастырылған « кәсібі бағдар- лау » жарысында Қазақ Ұлттық Педагогткалық Университеінің 2 командасы қатысып,жарыс қортындысы бойынша туризм мамандығынын студенттері 1- 2 жүлделі орындар мен кубокты жеңіп алды. Командалық жарыстан маған және әріптесім Қуандыков Нұрбахыт екеумізді 1 дәрежелі диплом және алтын медальмен марапаттады.

«Қазақстан туризмі : Мәселелері және Болашағы » V-ші халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясына қатысып ,ол жерде баяндама жасадым. Ғылымы жұмысым жинақ болып жарыққа шығып,жасаған баяндамам жюри мүшелеріне ұнап, марапаттауға ие болдым. Сонымен қатар 6-7 жыл волонтерлік қызметті қатар алып жүріп, қалалық іс шараларға катысып, координатор қызметін атқардым. AIESEC KazNPU ұйымын ұйымдастурышысы және 2015 жылғы осы ұйымнын президенті болдым.2014 жылы 1,5-2 ай шет елдерден( Жапония,Қытай, Италия, Венгрия,Үндістан,Тайланд т.б. ) волонтер болып келген студенттер университетіміздің студенттеріне тегін ағылшын тілін үйрету ,мәдени қарым- қатынас орнату,тәжірбие алмасу бағдарламасын ұйымдастырушылардын құрамында болдым.

2015 жылдың 3 наурызында университетке бакалавриат пен магистратураның биология, химия және география білім беру бағдарла-маларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізу үшін ASIIN халықаралық аккредиттеу агенттігінің сарапшылар тобы келген еді.4-5 наурыз аралығын - да құрамы профессорлар Дитер Бон (Вюрцбург қ.университеті), Инго Айклс (Бремен университеті), Тобиас Хиллманн (Нойбранденбург қ. қолданбалы ғылымдар университеті), Герд Клок (Бремен қ. қолданбалы ғылымдар университеті), Марина Фогель (Дрезден техникалық ғылымдар университеті), сондай-ақ Дитрих Шерцер (BASF SE концерні), д-р Георг Эбертхаузер (ASIIN үйлестірушісі), білім алушылар өкілдері - Моника Польман(Кельн университеті) және Астафьева Екатерина (М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ) тұратын сараптау тобы білім беру бағдарламаларының үйлестірушілеріне Алматы қаласының көрікті жерлерін аралатып, маманды- ғым бойынша алғашқы рет гид болғандығымды мақтана айта аламын. 2 күн бойы шетелден келген сарапшыларға әсем қаламыздың көрікті жерлерін көрсетіп, аудармашы болдым.

Менің өмірімдегі естен кетпес үлкен оқиға кезектен тыс Қазақстан Республикасынын Президенттік сайлауында супервайзерлік қызмет атқарғандығым деп ойлаймын. Сол еңбегім бағаланып алғыс хат алдым.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне және жаратылыстану және география институтіне, Елтану және туризм кафедрасында бізге дәріс беріп, білім нәрімен сусындатып жүрген барша оқытушыларға алғыс айтқым келеді.

