Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мейлі, көңілің босаса, жыла жүрек... (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – КЕРУЕН - күй, орындаған: Нұрбек Қабыл ұлы

Бейнематериал авторы – Динара Ермахан

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мейлі, көңілің босаса, жыла жүрек,

Өкінішің өзекті, өртеп жатса.

Махаббаттың шынына, шығу керек,

Қалсаңдағы, мұнға батып, қалсаңда.

Жетеді ғой, менің де, ғұмырыма,

Маңдайыма бұйырған, жұдырықта.

Қара бұлттар, мен деген, тұғырыма,

Қондырмады, жүрсемде, тек шындықта.

Сол шындықтың шынына, шығып едім,

Колеңкеден қорықпайтын, бір жан едім.

Болсадағы, мұң жасқа, толы көзім,

Сөкпедім-ау ешкімді, болып төзім.

Сөккендерім сөге берсін, не дермін,

Сүрінгенге жұдырық, бұйырғасын.

Қыйндыққа төзіген, мен пендемін,

Жақсылықтың іздеген, тек жалғасын.

Пендеміз ғой, кінәсіз, жоқ қой адам,

Жүрсектегі ақырын, басып қадам.

Мың жүректің ішінен, не бір арам,

Түсер сенің ізіңе, қойып талғам.

Ақталмаймын, ешқашан, ақталмаймын,

Кінәм менің, сүюге ықталғаным.

Кешірім де, сол үшін, сұрамаймын,

Жетер енді, өкініп, жылағаным.

1
0
1280

Осы тақырып бойынша

Мейлі, көңілің босаса, жыла жүрек... (Аудио өлең) - Yvision.kz