Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Үміткер қонақта”

Биылғы сайлаудың ерекшелігі – бұрын-соңды қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуы. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алмақ. Канвассинг – бұл партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Үміткер – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Бүгін Канвассинг — сайлаушылар үйіне үгіт-насихат жұмыстарын түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Мадияр Жеңісұлы Байжанов Шыңғырлау ауылында тұратын қариялардың үйлеріне барып, алдағы келе жатқан сайлауда белсенділік танытуға, «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды. Мадияр Жеңісұлы кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық

филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, атқаратын іс-шаралар жайлы баяндады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының партия тарапынан қолға алынып жатқанына ауыл ақсақалдарының көңілдеріне қонып, партия өкілдері мен үміткерлерге өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

0
0
122

Осы тақырып бойынша