Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Үміткерге сұрақ қой" айдары

Әлеуметтік желіде тікелей эфирде облыстық маслихат депуттаттығына үміткер Мирболат Құрманғалиев сайлаушылармен онлайн кездесу өткізді. "Nur Otan"партиясының, БҚО Ақжайық ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен, ондағы басты жеті басым бағытпен таныстырды. Өңірлердегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен халықпен кездесулерде тұрғындардың тарапынан жеке мәселе емес, жалпы халыққа ортақ мәселелердің көтерілгені көңіл қуантатынын жеткізді. Сонымен қатар биылғы сайлаудың ерекшелігі жеке кандидаттарға емес партияларды қолдап дауыс берілетіндігі жөнінде айтып, 2021жылдың 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, "Nur Otan"партиясын қолдап дауыс беруге шақырды. Желі қолданушылары үміткерге сәттілік тіледі.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
145

Осы тақырып бойынша

"Үміткерге сұрақ қой" айдары - Yvision.kz