Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі Жамбыл облысына барды
✅Биылғы наурыз айынан бері «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауының мүшелері шалғайдағы 1 мыңнан астам ауылдық елді мекенде болды. Соның нәтижесінде, 10 мыңнан астам адам бейінді мамандардан кеңес алды. Сондай-ақ, партия мен мемлекеттік органдардың назарын өзекті мәселелерге аударды.
▶️Мәселен, Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Д.Қонаев ауылының тұрғындары теміржол өткелін жабдықтау туралы өтініш білдірді.
🗣«Ауылымыз аудан орталығынан аса алыс емес. Тұрғындардың көпшілігі сонда жұмыс істейді. Алайда ауылдың іргесінде теміржол бар. Минут сайын жолаушылар пойызы мен жүк пойызы жөңкіліп жатады. Оларды өткізіп жіберу үшін сағаттап күтуге тура келеді. Кейде составтар түрлі себептерге байланысты аялдап тұрады. Ондай кезде оларды айналып өту де мүмкін емес. Сондықтан теміржол өткелі арқылы көпір салу қажет», – дейді ауыл тұрғыны Сәрсенбек Бақтияров.
💬«AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржановтың айтуынша, мұндай мәселені шешу жергілікті биліктің құзыретіне кірмейді.
«Көпір мәселесін тиісті мемлекеттік органдарға жеткіземіз. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс. Дәл осындай мәселелерді шешу үшін мобильді қабылдауларды ұйымдастырамыз. Адамдардың қандай да бір мәселе арқалап келгенін күтпейміз. Оларға өзіміз барамыз», – деді ол.
💬Осы күні партиялықтар Мойынқұм ауданына қарасты Жамбыл ауылындағы тұрғындардың өтінішін тыңдады. Ауыл тұрғындары жұмысқа орналасу, Емделуге жатқызу бюросы порталы арқылы емделу, инженерлік желілер мәселелерін қозғады.
🗣«Адам болған соң бәріміз ауырамыз. Жас демей, кәрі демей ауруханаға барамыз. Портал тегін емделуге мүмкіндік беретініне қарамастан, оның ұңғыл-шұңғылын түсіну әрдайым оңай бола бермейді. Әсіресе аға буын өкілдері үшін қиынға соғады. Соған байланысты, механизм қарапайым әрі түсінікті болып, аудан немесе облыс орталығына барудың қажеті болмаса екен деймін», – деді ауыл тұрғыны Медетбай Бағдатов.
t.me/AMANATPartiyasy


