Үндістан ғарышқа адам тәрізді роботты ұшырмақ
Үндістан осы жылдың үшінші тоқсанында ғарышқа адам тәрізді роботты ұшырады. Бұл туралы елдің ғылым және технология министрі Джитендра Сингх хабарлады.

Робот «Гаганиян» ғарыш кемесінің тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін тексеруі тиіс. Оның аты – Vyommitra. Роботтың бұл есімі "вйом" ("кеңістік", "ғарыш") және "митра" ("дос") деген екі санскриттік сөзден құралған.
«Астронавт Vyommitra ғарышта адам сияқты жүретіндей әрі тіршілікті қамтамасыз ету жүйесімен әрекеттесетіндей етіп жасалған», – дейді Джитендра Сингх.
