Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Не деп айтам, жетім болған сезімге? «Аудио өлең»

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған - Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы - Мелодия души "Белгісіз"

Бейнематериал авторы - Токтобубу Черекчиева

Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Қоналмадым, талпынсамда тұғырыма,

Шаршадың ба, сен жүрек, сағыныштан?

Ей тағдыр, жетеді ғой ғұмырыма,

Мынау ызғарың, бораның, аласұрған.

 

Бұл не сынақ, қалайша түсінемін?

Күйзеліске, тағы салдың аямай.

Қалай, кімге, қайтадан, енді сенем?

Тағы шалдың, қалай тұрам құламай?

 

Не деп айтам, сан түңілген күндерге?

Не деп айтам, ұйқы қашқан түндерге?

Не деп айтам, жетім болған сезімге?

Көп сұрағым шіркін-ай, сан құбылған өмірге.

 

Бір көрініп кетерсің, болып ғайып,

Ойнама сен өтінем, бұл тағдырмен.

Жиырма жылдық көпірді, кеттің салып,

Қиялды іздеп, қоштасып, отбасыңмен.

 

Тағдыр шығар, сені де сүріндірген,

Айыптауға, кінәлауға, хақым жоқ

Бұл өмірді, тіпті мінсіз, кім сүрген?

Бірде өртеп, бірде қалған, болып шоқ.

 

Қайтейін, бұл тағдырдан кім озған?

Пешенеңе, жазылғанын көрерсің.

Көз моншақтар, кінәлі ме шашылған?

Сергелдеңге, сені салып, өзгерткен.

 

https://www.youtube.com/watch?v=4DpZH3a0Lz0

1
1
766

Осы тақырып бойынша

Не деп айтам, жетім болған сезімге? «Аудио өлең» - Yvision.kz