Неге мұңым, көңілімді босатады? «Кеттің басқаға»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Эдгар Туниянц «О печали»
Бейнематериал авторы - Алмаз Шаадаев
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Неге мұңым, көңілімді босатады?
Өкінішке толтырып, бар ойымды.
Неге, неге тағдырым жылатады?
Басып алды бір үрей, мынау бойымды.
Түсінсемде, келмейді-ау, бір түсінгім,
Қараңғыға толғандай, бар күндерім.
Келмейді-ау, естісемде, бір сенгім,
Сағыныштан қалды ғой, тек сүлдерім.
Маған емес, өзгеге аштың құшақ,
Құшағыңда басқаны, аймаладың.
Өзегімді барады-ау, осы өртеп,
Неге үнсіз сен кеттің, айта алмадың?
