Неге-неге, ұмыттырмай жатасың...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Foolish Heart”
Бейнематериал авторы – Татьяна А.
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Білдіріп қойсаң қалыңды, болмас пе еді?
Біле тұра, бір жүректі, аңсаған.
Мүлдем кету хабарсыз, дұрыс пе ді?
Мұңға салып жүректі, сен деп соққан.
Сол теңіздің қасына, тағы келдім,
Іздедім бе білмеймін, мен себебін.
Әлде елес шақырды ма, білмедім,
Көлеңкеңді, мүмкін сенің іздедім.
Нені жүрсің, айтшы жаным, сен ойлап?
Тапқандайсың аруыңды, көп таңдап.
Жүр екенсін ізденісте, сен байқап,
Ойландыңба, сенде-мендей, уайымдап.
Шіркін үміт, сарқылмаған сезімім,
Тыңдамайсың, неге мені, жүрегім?
Алып ұшып, қайда тағы барасың?
Неге-неге, ұмыттырмай жатасың?
