Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Бөрлі аудандық филиалы

«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы «Инклюзивті білім берудің жаңа тәсілдері» атты тақырыпта ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуымен онлайн дөңгелек үстел өткізді. Барлығы 40- қа жуық қатысушылар жиналған онлайн жиналысқа психолог, әлеуметтік педагог, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері М. Сариева және «Жас дарын» қоғамдық қорының директоры Т.Ищенко қатысты.

Аудан бойынша 25 бала үйден оқиды. Олармен 88 мұғалім жұмыс жасайды. Олардың ішінде 78-і жоғары білімді.

Ата-аналардың өтініші бойынша және ПМПК шешімімен мүгедектігі туралы анықтамасы бар балаларды мұғалімдер үйіне барып оқытады.

2
0
124

Осы тақырып бойынша