"Nur Otan" партиясы Бөрлі аудандық филиалы
Бүгін Бөрлі ауданы бойынша әйелдер кеңесінің есеп беру жиыны болып өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының бірінші орынбасары Малика Махауова да қатысып, «Бақытты отбасы» жобасының орындалуы бойынша сөз алып, оның ішінде көп балалы аналардың, жалғыз басты, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар аналарға қатысты көрсетілген қолдауларды айтып өтті.Ол өз сөзінде елдегі карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты ауданда 4806 қызметкерге 42,5 мың теңгетөленгендігі, халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 2200 адам азық -түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлем алғандығын, 204 аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгендігін, 6 жасқа дейінгі 478 балаға кепілдендірілген әлеуметтік жиынтықтар берілгендігін және 1671 адамның 15 мың теңгеден комуналдық шығыстары өтелгендігін айтып өтті. Сонымен қоса Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 700-ден аса отбасыға азық-түлік жеткізіп, 1917 мұқтаж адамның әрқайсысына 50 мың теңгеден төленгендігін жеткізді.
Алдағы уақытта да партия халықты, оның ішінде көмекке мұқтаж отбасыларға қашанда көмек қолын созуға әзір екендігін айтты.
