«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы
Бүгін «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының бірінші орынбасары Малика Махауова жоспарға сай Пугачев ауылдық округі тұрғындарымен кездесуді карантиндік жағдайға байланысты, ауыл басшылығымен онлайн жүздесіп, ауылдың хал-ахуалын білді.
Аталмыш ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Қаржауов ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігін баяндады.
Әкім орынбасары жоспарға сай атқарылатын жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, осыған дейін жиі сөніп ауыл тұрғындарын мазалаған жарық мәселесінің бір ретке келгендігін жеткізді. Сонымен қатар қазіргі күні карантиндік жағдайға орай, қашықтан оқу жүйесін жалғастырып жатқан ауыл мектебінің ертең, яғни 17.11.2020 жылы штаттық жүйеде білім беруді жалғастыратынын айтты.
