Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Бөрлі аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының отырысы өткізілді. Бюро отырысына филиал төрағасы М.Сатқанов төрағалық етті. Бюроның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының кезекті ХХIХ есеп беру-сайлау конференциясын шақыру және күн тәртібін бекіту туралы сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы жанындағы партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды. «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының кезекті ХХIХ есеп беру-сайлау конференциясы ағымдағы жылдың 26 сәуір күні сағат 11.00-ге шақырылып, конференцияның күн тәртібі бекітіліп, онлайн форматында өткізу жөнінде бекітілді. Аудандық филиалдың есеп беру-сайлау конференциясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіледі: 1. Партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер; 2. Партия аумақтық филиалының Саяси кеңесін сайлау; 3. Партияның тиісті аймақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партия филиалы жанындағы жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары бекітілді.

0
0
153

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясы Бөрлі аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы. - Yvision.kz