«Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді
«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиевтің төрағалығымен аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі Жәнібек ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – Жол картасының орындалуының барысы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Әсетұлы Сариев баяндап берді.Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары Б.Каракулов,Б.Ихсанов "Nur Otan"- партиясының «Өзерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында атқарған жұмыстары жөнінде есептерін берді.

