Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!"

Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында жастармен жүздесіп, оларды "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" деп аталатын 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырды. Басқосуда Балабек Жанбекұлы аталған бағдарламаның Жамбыл өңірін жастарға арналған аймақ етіп қалыптастыруды көздейтін айтыпғ сайлауалды бағдарламада көрсетілген мақсаттарды сөз етті. Алдағы 5 жылда партияның ықпалымен 5 мың жамбылдық жас жұмысқа орналасады. Жергілікті 5 жоғары және арнаулы орта оқу орнының жанынан 1700 орындық 5 жатақхана пайдалануға беріледі. "Дипломмен – ауылға!" мемлекеттік бағдарламасымен 1200 жас маман ауылдардағы аса қажетті кадрларға сұранысты өтейді. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайызға дейін төмендейтін болады. Жастармен кездесуде сайлауалды бағдарламаның өзге де басымдықтары сөз болды. Кездесу соңында Б.Нарбаев жастарды азаматтық парызына атүсті қарамауға шақырды.

0
0
160

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" - Yvision.kz