Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясының Жамбыл облысы бойынша келесі 5 жылдықта атқаратын сайлауалды бағдарламасы

"Nur Otan" партиясының Жамбыл облысы бойынша келесі 5 жылдықта атқаратын сайлауалды бағдарламасымен таныстыруды жалғастырамыз. Өздеріңізге белгілі биылға сайлауға партия жан-жақты дайындықпен келді. Әр өңір, әр аудан аймақтардан бөлек, сол өңірлердегі әр салаға басымдық берілген. Яғни назардан ешбір саланы қалдырмай, 5 жылдық даму жоспарын айқындаған. Бұл жолы облысымызда Туризмді түлетуге арналған сайлауалды бағдарламасын ұсынамыз.

Туризм саласын дамыту үшін туристерді тарту және тұрғындар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені және «Каралма» тау шаңғысы курорты сияқты үш туристік аймақ пайдалануға берілген. Қазір бұл кешендер сырттан келген қонақтармен қатар, қала тұрғындарының тамашалайтын ең бір ерекше орындарына айналған.

Туризмді одан әрі дамыту үшін «Nur Otan» партиясы:

📷 2022 жылға дейін 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын (еуропалық үлгідегі 20 коттедж, 70 орындық 1 мейрамхана, көру алаңы, сервис орталығы, әрқайсысы 100 автомашинаға арналған 2 автотұрақ және басқа да сауда-ойын-сауық пункттері) құрумен «Каралма» тау шаңғысы курортының екінші кезеңін салу және 2022 жылға дейін Жуалы ауданында «Қазақ ауылы Көксай» инвестициялық жобасын іске асыруға;

📷 2021 жылға дейін тарихи-археологиялық және экологиялық туризм бойынша жаңа туристік бағыттарды әзірлеуге (облыстың негізгі туристік объектілері бойынша жаңа бағыттарды әзірлеуге: «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Көне Тараз» археологиялық паркі, «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелері, Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы, Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі, «Айша бибі» және «Бабажа хатун» кесенелері, «Каралма» тау шаңғысы курорты»);

📷 2021 жылға дейін 20 млн. теңгеге креативті шешімдер, цифрлық және ақпараттық технологиялар көмегімен облыстың туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз етуге (QR-кодтары бар «TarazTour» мобильді қосымшасы, санаторийлерді, қонақ үйлерді, мейрамханаларды брондау және төлеу жүйесі, Offline режимінде жұмыс істейтін радиотолқындармен ықпалдастыру жүйесі);

📷 Туризм саласында білікті кадрлар даярлауға (гидті, экскурсия жетекшісін, туризм бойынша нұсқаушыны, отельерді, рестораторды: 2020 ж. – 20 маман, 2021 ж. – 30 маман, 2023 ж. – 50 маманға дейін) ықпал етеді. Және бұл ауқымды жұмыстарды назарда ұстап, қарқынды жүзеге асырып отырады.

Партияның тың бастамаларын іске асыруға бір кісідей атсалысайық!

Выборы-2021

#сайлау_2021

#Nur_Otan_дауыс_бер

0
0
216

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясының Жамбыл облысы бойынша келесі 5 жылдықта атқаратын сайлауалды бағдарламасы - Yvision.kz