Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғам дамуы праймерезден басталады

. Ел бойынша жүзеге асып жатқан тың бастамаға мен де үн қосамын. Қалай дейсіз ғой? Біз өмір сүріп отырған саяси жүйені көлік деп алайық. Сол көліктің жағдайы жақсы, бірақ тетіктері ескірген десек те болады. Уақыт еншісі сол көліктің әр тетігін жаңалауға итермелейді. Жаңаламасақ, жаһандану деген көштің соңында қалмақпыз. Демек, праймериз жаңашылдық қана емес, саяси жүйеміздің ілгері сүйрейтін мықты механизм. Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсынастары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста анықталатын болады. Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы ұлтжанды азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік береді. Барша мүдделестерді саяси науқанға атсалысайық. Жантас АКИМБАЕВ, ШЖҚ "Райымбек аудандық ауруханасы" КМК директоры.

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Қоғам дамуы праймерезден басталады - Yvision.kz